Алматыда бір көшенің бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі

21.08.2024 17:56

Қарасай батыр көшесінен Есенжанов көшесіне дейінгі бөлікте оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады

elements.envato.com

Алматыда көлік ағынының өткізу қабілетін арттыру және шиеленіс нүктелерін болдырмау мақсатында Прокофьев көшесінің бір бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, 23 тамыздан бастап жол қозғалысы сызбасына эксперименталды түрде өзгеріс енгізіліп, Қарасай батыр көшесінен Есенжанов көшесіне дейінгі бөлікте оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады. Аталған учаскеде тиісті жол белгілері орнатылады.

Айта кететін нәрсе, өзгеріс осы аудан тұрғындарының өтініші негізінде және Әкімшілік полиция басқармасымен келісімі бойынша енгізілмек.