Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды
Ашық дереккөз
Нәрестенің денесін Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғындары тапқан, сот-медициналық сараптама белгіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысының полицейлері сәби денесінің табылу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Полицияға нәрестенің денесі табылғаны туралы Атамекен ауылының тұрғындары хабар берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпарат Мұнайлы ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 3 мамыр кешке түскен.
"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел тергеу тобы аттанды. Қазіргі таңда сәбидің анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тергеу аясында сот-медициналық сараптама белгіленді. Оның қорытындысы бойынша нәрестенің неден көз жұмғаны анықталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33