Полицейлердің болжамынша, апатқа көктайғақ себеп болуы мүмкін
Алматы облысында Үшарал қаласының маңында «Кроссовер» жүк көлігімен соқытығысты, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Nissan X-trail және МАЗ-54322 көліктері Үшарал-Достық тас жолының төртінші шақырымында соқтығысқан. Болжам бойынша, жол апаты көктайғақ салдарынан болды.
Кроссовердің рөлінде әйел отырған, көлік ішінде тағы төрт әйел болды, олардың барлығы жергілікті мектептің мұғалімдері.
Жол апатынан Nissan X-trail көлігінің екі жолаушысы көз жұмды, жүргізуші мен қалған екі әйел аудандық ауруханаға жеткізілген.
«Көктайғақ салдарынан жүргізушілердің біреуі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетті деген болжам жасалып отыр. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар белгіленді», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.