Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін бұзу азаяр емес

polisia.kz
polisia.kz
Азаматтардың блок-бекеттерді айналып өту фактілері бойынша 29 бұзушылықтар анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 548 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуірде Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 548 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 522 бұзушылық, оның ішінде 115 адам қамауға алынды, 176 айыппұл салынды, 203 ескерту жасалды, 19 материал сотқа жіберілді. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.

Сондай- ақ, азық-түлік дүкенінің 32 жастағы жалға алушысына полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ол дүкеннің жұмысын сағат 22: 00-ден кейін жалғастырған. Әкімшілік сотпен жалға алушыға 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салды. Тағы бір жағдайда, Сәңкібай батыр даңғылы бойында орналасқан авто көлік-жуу бекетінің әкімшісі сағат 22: 00-ден кейін авто көлік-жуу бекетінің жұмысын жалғастырған. Әкімшілік сот жалға алушыға 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салды.

Азаматтардың блок-бекеттерді айналып өту фактілері бойынша 29 бұзушылықтар анықталды. Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Новости партнеров