Оқиға 6 мамыр күні Сарыағаш теміржол вокзалы маңайында болған
Түркістан облысының полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 6 мамыр күні Сарыағаш теміржол вокзалының жаяу жүргіншілерге арналған теміржол торабында орын алған.
«Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дер кезінде жетіп, өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді құтқарып қалды», - делінген хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталуда.