Павлодарда бойжеткенді тонап кеткен қылмыскер әлі табылмай жатыр

25.09.2019 21:11

Оқиға үйдің кіре берісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Павлодардық полицейлер бойжеткенді тонап кеткен қылмыскерді әлі тапқан жоқ. Көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына оқиға толығымен түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қыз бала енді үйге кіре бергенде, артынан бетін көрсетпеудің айласын жасаған жігіт, тап беріп, қызды тұншықтыра бастайды. Сол сәтте екеуі де кадрдан тыс қалады да, қайта көрінеді. Соңында, жігіт қыздың сөмкесін алып бара жатқанын анық көруге болады.  Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құзырлылар ұрыны әлі құрықтай алмапты.  

Абырой болғанда, зардап шегушінің сөмкесінде құнды заттар болмапты.