6 дәрігер мен 14 медқызметкер вакцина паспортын қолдан жасап, сатып келген

Қазақстанда жалған вакцина паспортын және ПТР тест сатудың 110 фактісі тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда алты дәрігер жалған вакцина паспортын сатқаны үшін істі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен жұмыс кеңесінде айтылды. Қазақстанда жалған вакцина паспортын және ПТР тест сатудың 110 фактісі тіркелген.

ПТР анықтаманы қолдан жасағаны және жалған вакцинация паспортын жасағаны үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20 (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері), делдалдар – 8.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспортын және ПТР анықтама сату туралы 70 хабарландыру анықталды, оның 37-сі бұғатталды.

Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасты, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүріп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекетін құқықтық бағалай отырып, шешім қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда. Кеңес барысында Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдарға ұсыныстар берді.

Новости партнеров