Қарағанды облысында екі баланы ит қауып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне Ақтоғай ауылында екі баланы ит қапқаны туралы ақпарат түсті.
Полиция қызметкерлерімен анықталғандай, 3 және 5 жас аралығындағы екі бала өздерінің үйінің ауласында ойнап жүргенде бос жүрген ит қауып алған.
«Балалар ауруханаға жеткізіліп, 3 жастағы бала алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факт Ақтоғай аудандық Полиция бөлімі тергеу жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметі.