Шымкентте жанар-жағармай стансасының резервуарына найзағай түсіп, кейін түтін шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменінің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, "101" кезекші-диспетчерлік қызметіне 12 мамырда сағат 18:57-де жанар-жағармай стансасының резервуарына найзағай түскені туралы хабарлаған.
Бұл Тұран ауданы Байтұрсынов көшесінің бойында, "ТЅ" ЖМҚС-дағы "Ладушки" кафесінің жанында болған. Жалпы сыйымдылығы 23 тонна жерасты резервуарына (оның ішінде 11 тонна дизель отыны бар) найзағай түсіп, жанармай түтенген.
"Өрт болған жоқ, қорғау мақсатында жану дизель отынын көбікпен сөндіру және цистерналарды суыту жұмысы жүргізілді. Сағат 19:10-да осы резервуарды суыту жұмыстары аяқталды. Зардап шеккендер жоқ", – деді Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Оқиға орнында Шымкент төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және 2 бірлік техникасы жұмыс атқарды.