|
26.01.2020 | 13:04
6733

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды

25 қаңтарда 99 жасында Асыл Қабышқызы Қайсенова қайтыс болды

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды tengrinews.kz

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«25 қаңтарда 99 жасында Асыл Қабышқызы Қайсенова қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары. Қайсеновтар отбасына және туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманды болсын», -делінген Facebook желісінде жазушының атынан ашылған қауымдастық парақшасында.  Көзі тірісінде аты аңызға айналған әйгілі партизан (Қасым Қайсенов - авт. түсіндірмесі) ШҚО-дағы Ұлан ауданында 23 сәуірде дүниеге келген.

Ол - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының нағыз қаһарманы ғана емес, сол өзі көрген, көкейіне түйген соғыс шындығын жеткізуші. Әрі өзі секілді соғысқа қатысқан қазақтың даңқты хас батырлары: Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Жұмағали Саин, партизан Байұзақ, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғаларымыз жайлы естеліктер жазып қалдырған. Айта кетсек, Қасым Қайсеновтің жеке қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы. Сол мәліметтерден қазақтың батырлары жайлы естеліктерін жинақтап беруді жөн көрдік. Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда 89 жасында Алматыда өз үйінде қайтыс болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир