|
03.12.2021 | 13:05
904

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

Жүргізушілер мен жолаушылар ауруханаға түсті

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті ҚазАқпарат

Ақтөбеде екі жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілер мен жолаушылар ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсан күні сағат 10:02-де тіркелді. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбеге жол тартып, Ақжар ауылы маңында қарама-қарсы келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігімен соқтығысады. Іле-шала Daewoo Nexia көлігі бағытын өзгертіп, DAF XF маркалы жүк көлігімен де соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктердің жүргізушілері және екі жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Басып озу маневрі кезінде автокөлік жүргізушісі жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтіндігіне назар аударуы қажет. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғал ды», дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Туған қызынан теріс айналған ана І Шешімі бар



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир