Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде көміртегі тотығымен уланып, үш ауыл тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмдардың денесін туыстары тапқан. Төтенше жағдай Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка ауылында болған.
"Алдын ала болжам бойынша марқұмдар көміртегі тотығымен уланған. 1966 және 1988 жылы туған әйелдердің және 1961 жылы туған ер адамның денесі табылды. Отбасының төртінші мүшесі аман қалды, ол аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Растихин.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша 114 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежедегі жарақат алған. Өрттің 77%-ы тұрғын үй секторына тиесілі.
Негізгі себеп - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өңірде жалпы 24 тұрғын көміртегі тотығымен уланған.