БҚО-да 14 жастағы қыз суға батып кетті
Құтқару жасағы 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы қыз суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды. Сағат 17.00-де жасөспірім Ядовитая көлінің рұқсат етілмеген жерінде шомылып, суға кеткен.
Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері жұмыс істеп, 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты.
Айта кетейік, жыл басынан өңірде 22 адам суға кетсе, соның бесеуі - балалар. Жеткіншектер суға түсуге көбіне ересектердің қарауынсыз барады. Ал оның арты орны толмас қайғыға айналуы мүмкін. Бұдан бұрын БҚО-да екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53