9 маусымда қаладағы жылу электр орталығында төтенше жағдай орын алды
Бүгін Жезқазғанда жарық пен су уақытша өшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтіме жасап.
«Құрметті жезқазғандықтар! 9 маусымда таңертең жылу электр орталығында болған апатты жағдай салдарынан қала бойынша электрэнергия мен сумен қамту уақытша тоқтатылды. ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Энергия және сумен қамту жақын арада қалпына келтіріледі. Жағдайды дұрыс түсініп, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.