|
12.03.2024 | 12:08
251

Қарағанды облысында шахтада кенші қаза тапты

Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді

Қарағанды облысында шахтада кенші қаза тапты elements.envato.com

Қарағанды облысындағы ең көне саналатын Саран шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай түнгі сағат 1:20 шамасында болған. Апатқа кенжардағы бекітпенің морт сынуы себеп деп болжанып отыр. Сол сәтте жұмысшының үстіне металл құрылым құлап кеткен көрінеді. Алған ауыр жарақатының салдарынан 1980 жылғы азамат қайтыс болды. Шахтадағы кісі өлімі бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр.  

«Qarmet» компаниясының баспасөз қызметі:

«Жұмыс секцияны құрастыру және монтаждау жөніндегі жобаға сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиғаға жабдықты бекіту болтының үзіліп кетуі себеп болған».

Еске сала кетсек, аталған шахтада былтыр тамызда метан-ауа қоспасы өртке оранып, абырой болғанда жер астындағы 187 жұмыскер дер кезінде құтқарылған еді. Бұған дейін болған апаттардың қатарында «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты тағы бір кенішті қызыл жалын шарпып, бес адамның қаза тапқаны тағы бар.

Оқи отырыңыз: Атырауда балаларын сатқан әйел 8 жылға сотталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир