Павлодардағы көпқабатты үйден шыққан екі өртті сөндірген құтқарушылар ересектер мен балаларды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
22 қараша күні сағат 09.23 кезінде Естай көшесі, 134 мекенжайынан хабарлама келіп түскен. Он қабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы 283-пәтер өртенген.
«Өрт сөндірушілер пәтерден 1977 жылы туған ер адамды құтқарып, ол бірінші қалалық ауруханаға ауырлығы орташа жану өнімдерімен өткір ингаляциялық улану, алкогольдік мас болу диагнозымен жатқызылды»,– деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 23 қараша сағат 07.05 шамасында Павлодар қаласы Марғұлан көшесі, 99 мекенжайындағы тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.
Жетінші қабаттағы пәтерде он екі шаршы метр алаңда өрт болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен подъезден бес адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өрт орнынан 1958 жылы туған пәтер иесінің жанып кеткен мәйіті табылған.