«Құқықтық тәртіп»: Алматыда іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды

15.05.2024 18:11

Іс-шара басталғалы 3 мың 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

polisia.kz

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күнінде тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 122 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 50 қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Іс-шара кезеңінде құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайтуға, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бүлдіру, мүліктік залал келтіру, ұсақ бұзақылық, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылады, - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Сонымен қатар, жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 3 мың 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және жолы кесілді.

Атап айтқанда, тыныштықты бұзудың 376 дерегі, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішудің 500-ден астам дерегі, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрудың 821 дерегі, 99 ұсақ бұзақылық және т.б.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Ақпарат беретін аяқ киім: қылмысты ашуға көмектесті