Алматыдағы жасырын казиноның қызметкерлері мен клиенттері жазаланды

30.04.2020 18:11

ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Фото : Pixabay

Алматыда наурыз айынан бастап карантин кезінде заңсыз жұмыс істеген ойынхана анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шұғыл шара барысында 18 адам ұсталып, 5 тәулікке қамалды.  Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, құмар ойындар ортасы кіреберісіне арнайы өткізу бекетін орнатқан. Яғни онда тек тұрақты келушілер ғана кіре алады. Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 30-дан астам келушілер мен қызметкерлер ұсталды. Сондай-ақ, ауданы 1000 шаршы метрден асатын казинода, покер мен американдық рулеткаға арналған алты ойын үстелі, көптеген ойын карталары мен чиптер және ірі көлемдегі ақша табылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.