Пара алды деген күдікке ілінген әскери бөлімнің командирін тінту сәті видеоға түсірілді

30.04.2020 18:35

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты

Sputnik Казахстан

Қорғаныс министрлігі десант-шабуыл бригадасы әскери бөлімінің командирі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты.

"Алматы облысы департаменті ҰҚК департаментімен біріге отырып, Қорғаныс министрлігі десант-шабуыл бригадасы №32363 әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасарын әшкере қылды. Олар ЖШС өкілінен жеке көрсетілген әскери бөлімнің жеке құрамына тамақтану қызметін көрсету бойынша болысу үшін миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді Данияр Ақуан брифингте.