Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«22 сағат 11 минутта Павлодар ауылында өрт туралы хабарлама түсті. Өрт Школьная көшесі, 15/1 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырында тұтанды. Бір қабатты кірпіш ғимараттың 540 шаршы метр алаңында ағаш шатыр құрылымдары мен төбенің жануы және шатырдың құлауы тіркелді. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр болатын 1 газ баллоны мен шіркеу ыдыстарын эвакуациялады», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Өрт 1 сағат 40 минутта жойылды. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқиға орнында ТЖ департаментінің жеке құрамынан 35 адам және 7 техника, электр желісі, «102», «103» қызметтері, АМО, ТКШ, 1 су тасығыш (9т) жұмыс істеді
Сондай-ақ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер мен 2 техника, 1 ҚСК су тасығышы жұмылдырылды.