Алматы облысында көлік қаққан 8 жасар оқушы көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Қайғылы жағдай Іле ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 8 жасар оқушыны көлік қағып, мерт қылды. Қайғылы жағдай Іле ауданында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«10 қыркүйек күні кешкі сағат 18:10 шамасында Іле ауданында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жетпей көз жұмды»,– деп пікір білдірді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, «Toyota» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі «Қосөзен-Шелекемер» жолында 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазір аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18