СҚО-да екі оқушы қарт кісіні өрттен құтқарып қалды

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті
Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының Шағалалы елдімекенінде тұрғын үй өртке оранып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада Аққайың ауданы Шағалалы елдімекеніндегі екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар 21 наурыз сағат 13.47 минут кеткенде келгені айтылған.

Елдімекен мен жақын маңдағы өрт сөндіру бекетінің арасы 55 км. Мамандар келгенше өртті «СКОС» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымы сөндірді.

Ал осы ауылдағы орта мектептің екі оқушысы – 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс пәтер иесін құтқарып қалды.

Денесінің 20% күйіп, иіс тиіп уланған 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан.

Новости партнеров