Алматыда және еліміздің бірнеше қаласында жарық өшіп қалды

25.01.2022 18:17

Электр жарығы сондай-ақ Тараз, Шымкент және басқа да облыстардың кей ауданында, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда да өшкен

kaztag.kz

Алматы қаласының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды. Осыған байланысты қала әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жарық KEGOC желісінің бойында сөнді. Желілердегі кернеу төмендеп кетті. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды», - хабарлады Алматы әкімдігінен.

Айта кетсек, қаланың кей аудандарында жарық бүгін, 25 қаңтар күні түскі сағат 12.30 шамасында сөнді. Соның салдарынан кей көшедегі бағдаршамдар жұмыс істемей, жолдарда кептеліс пайда болды.

«Алматы уақыты бойынша сағат 13:01-дегі жағдай бойынша жоғары вольтты электр желісінің жұмысындағы ақауға байланысты Алматыда жергілікті электр қуатын берудің 50 пайызы қалпына келтірілді», - деп хабарлайды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.

БАҚ мәліметінше, электр жарығы сондай-ақ Алматы, Тараз, Шымкент және басқа да облыстардың кей аудандарында өшіп қалған. Сонымен қатар көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда да электр қуатына қатысты мәселелер байқалып отыр.

Теги: әкімдік