Павлодар-Семей тасжолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

17.11.2023 18:18

Оқиға фактісі бойынша тиісті сараптама белгіленді

Сурет: Павлодар облыстық Полиция департаменті

Павлодар облысында Lada Granta көлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асырып, жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты. Тіркемеге шөп тиелген. Жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 16 қарашада Павлодар-Семей тасжолының 20-шақырымында, Павлодар ауданы, Жертұмсық ауылының маңында болған.

Lada Granta көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, ЗИЛ-130В көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Granta көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Оқиға туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Екінші жолаушы және жүргізуші ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі де жарақат алған. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тиісті сарапталар белгіленді. Көліктер айып тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті