Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Ақтауда 16 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.
Оқиға орнынан жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.
«Сағат 19:00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды», - делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.