Олар 87 баланың алиментін алып отырған
Астанада жеке сот орындаушылары 87 баланың алиментін ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның айтуынша, екі сот орындаушысы қызметтен босатылғандарына қарамастан, алты ай бойы 87 баланың алиментін алып отырған. Қазір алаяқтық және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану фактіcі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
– Сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алиментін алып отырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банк шотынан ақшаны шешіп алып, оны қажетіне жұмсаған. Олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған. Прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Оқи отырыңыз: Алаяққа алданып, қаражаттан қағылдым: алданған алматылықтар шағым айтты