Алматыда екі дәрігер соққыға жығылды

открытые источники
открытые источники
Аталған оқиғаға қатысты қазір сот сараптамалық тергеу жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

№7 қалалық  клиникалық ауруханасының екі дәрігеріне бес адам жабылған. Сондағы себеп дәрігерлер жүрек талмасымен ауруханаға түскен ер адаммен бірге жансақтау бөліміне кіргізбей қойған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал шұғыл көмекке зәру  60 жастағы пациенттің  ашуға мінген ағайындары  қолға түскен темірмен соққы жаудырыпты. Аталған оқиғаға қатысты қазір сот сараптамалық тергеу жүріп жатыр.      

«Сот медициналық сараптама нәтижелерін күту үстіндеміз. Содан соң істің, заңның қай бабымен саралатыны белгілі болады. Егер жеңіл жарақаттар келтірілді деген дерек шығарылатын болса, онда әкімшілік, ал орташа немесе ауыр десе, онда қылмыстық заңнама тұрғысынан қарастырылады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.  


Новости партнеров