|
03.08.2020 | 13:20
1487

Павлодар облысында әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті

Павлодар облысында әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті ашық дереккөз

Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті», – дейді департаментте. Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Оның денесі бүгінгі күнге дейін табылмады».

ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің №8 қаулысының 10-тармағына сәйкес өңірдің  қоғамдық жағажайларының қызметіне тыйым салынғанын еске салады.

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтер жүргізеді. Ресми коммуналдық жағажайлардың карантин кезінде жабылуына байланысты облыс орталығының тұрғындары Усолка өзенінің сол жағалауында, Ертістің жылы ағысында, шоферлер жағажайында, «Зеленая роща» демалыс базасының жанында шомылуды әдетке айналдырды. Бұл орындар шомылуға тыйым салынған және мұнда шомылу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

«Қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, аймақ тұрғындары облыстың су айдындарында шомылуды доғарар емес. Адамдар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылғандықтан, судағы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 440-бабы бойынша 29 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 225 адам 364-бапты бұзып, тыйым салынған жерлерде шомылған», – дейді департаментте.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир