Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Қоғамдық көлік Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус Қарабұтақ ауылының маңында аударылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салонда жүргізушілерді қосқанда барлығы 48 адам болған. Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлік Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған. Жол апаты шамамен кешкі сегізде болған. Көлік тайғақ жолдың кесірінен жиектегі жыраға шығып кетіп, аударылып түскен. Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шекпеді. Белгілі болғандай, автобус жүргізушілері қазақстандық болса, 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Жолаушылар уақытша автотуристерге арналған орынға эвакуацияланған. Жол сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін сақтанып, алысқа шығарда ауа райына аса мән беруге шақырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46