БҚО-да жоғалған екі баланың бірінің денесі табылды

25.10.2019 18:22

Бес жасар бала суға батып кеткен, ал екі жасар бала әлі іздестірілуде

Батыс Қазақстан облысында жоғалған екі баланың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бес жасар баланың денесі бүгін сағат 11.00-де Ақжайық ауданы Жанама ауылы маңындағы Қарасудан (Жайық өзеніне қосылады) табылған. Оны сүңгуірлер судан алып шықты.

Ал, екі жасар баланы іздестіру жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ағалы-інілі балалардың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.