Екібастұзда өрт салдарынан 50 адам эвакуациялып, бір адам ауыр халде жатыр

pxhere.com
pxhere.com
Өрт тоғыз қабатты үйден шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұзда өрт болып, 50 адамды эвакуациялады, бір адам ауыр халде жатыр. Оның 30-ы балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 шілде күні сағат 22.41-де Энергетиктер көшесі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан тоғыз қабатты үйден өрт шыққан.

«Алтыншы қабаттағы аумағы 40 шаршы метр екі бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Екінші қабатта балконда тұрған 0,5 шаршы метр аумақта заттар  тұтанған. Өрт сөндірушілермен  сыртқа шығарылған адамдар Екібастұз қаласының әкімдігі бөлген автобусқа отырғызылды», – дейді департаментте.

Пәтер иесі, 1974 жылғы азамат ауыр дәрежеде ысты газбен улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді.  Денесін, басын, беті мен қолын, тыныс жолдарын 75 пайыз күйік шалған.  Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

«Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен  12 адам мен үш техника,  103 қызметі, жергілікті атқарушы органының өкілдері, еріктілер тобы шықты», – дейді ведомствода.

Новости партнеров