Мәскеуде өзіне қол салған қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді

Мәскеуде өзіне қол салған қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәйітті жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өз-өзіне қол салған қазақстандық студенттің мәйіті Қазақстанға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан республиканың Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық студентпен қоштасуға оның достары, курстастары мен Мәскеу мемлекеттік университетінің өкілдері келген.

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігі марқұмның туыстарына мәйітті жеткізуге қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесіп, азаматтық жаназа ұйымдастырды», –делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.

Қазақстандық Темірлан Кірібаев Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің бесінші курсында оқитын. 25 ақпан күні кешкісін жігіт жатақханада өлі табылған. ММУ ректоры Виктор Садовничий РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, студент хат жазып қалдырып, өз-өзіне қол жұмсапты.


Новости партнеров