Былтыр Қазақстанда 14 адам ұрлау дерегі тіркелген

Былтыр Қазақстанда 14 адам ұрлау дерегі тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Қазақстанда 14 адам ұрлау дерегі тіркелген. Бұл туралы Алматыда ҚР ІІМ, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы офисінің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізілген тренинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында адам саудасының алдын алуға байланысты мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы бірлескен жұмыс тетігі, ақпарат алмасу, мониторинг жүргізу талқыланды.                                    

ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев полиция тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті.

Оның айтуынша, былтыр 14 адам ұрлау дерегі тіркелген. Оның ішінде 5 бала ұрланған.

20 адамды еркінен тыс ұрлап әкетіп, құлдыққа жеккен. Сондай-ақ 58 жезөкшелікпен айналысуға тарту дерегі анықталды. Сонымен қатар, елде 179 жынойнақ әшкереленген.


Новости партнеров