|
Jol
11.09.2020 | 13:25
1069

Қостанайда 54 жастағы ер адамды өлтірген төрт күдікті ұсталды

Марқұм 16 тамызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

Қостанайда 54 жастағы ер адамды өлтірген төрт күдікті ұсталды ашық дереккөзден

Қостанайлық полицейлер 54 жастағы ер адамды өлтірген төрт күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Марқұм 16 тамызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал 20 тамызда Қостанай облысы Алтынсарин ауданының полиция бөлімі іздеу жариялаған.

«Іздеу шаралары Алтынсарин, Сарыкөл және Қостанай сияқты бірнеше ауданда қатар жүргізілді. Аймақты барынша түгел қамту мақсатында жеке құрам жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-тергеу және іздестіру шараларының нәтижесінде төрт күдікті ұсталды. Олар өздерінің кінәсін мойындап, қайтыс болған адамның денесі көмілген жерді көрсетті.

Қазіргі уақытта күдіктілер (Щербаков ауылының тұрғындары) қамауға алынып, Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың біреуі бұрын сотты болған.

Полиция мәліметінше, 1 қыркүйекте аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен (адам өлтіру) тіркеу туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир