Тексеріс кезінде пәтерде ойыншылар мен қызмет көрсетуші жұмысшылар болған
Алматыда тағы бір астыртын ойынхана анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іс-шара барысында «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешініндегі пәтерлердің бірінде астыртын ойынхананың жұмысы тоқтатылды.
Тексеріс кезінде пәтерде ойыншылар мен қызмет көрсетуші жұмысшылар болған және тінту барысында құмар ойынға арналған покер ойынының кейсі, ойын карталары, фишкалар және ақшалай қаражат тәркіленген.
«Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекссінің 307-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сол күні ойынханада болған азаматтарды қалалық полиция төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін Әкішілік кодестің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартты», - делінген хабарламада.