Оқиға Бородулиха ауылында болған
Шығыс Қазақстан облысында күшті жел тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД-ның деректеріне сәйкес, 13 шілде күні Бородулиха ауылында ұйытқып соққан жел «Балалар жасөспірімдер-спорт мектебінің» шатырын ұшырып әкеткен.
«Шатырдың жалпы ауданы – 810 шаршы метр. Жел 468 шаршы метр шатырды ұшырып әкетті. Құлаған конструкция жақын маңда тұрған екі автокөлік зақымдалды», – деп мәлімдеді ТЖД.
Оқиға салдарынан зардап шеккен адам жоқ, шығын анықталуда, деп жазады Алтайньюс.