Жаңажылдық отшашудан Павлодар облысының тұрғыны көзін жаралады
Фото: news-r.ru
64 жасар ауыл тұрғыны жаңажылдық отшашудан зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сілтеме жасап. 64 жасар ауыл тұрғыны жаңажылдық отшашудан зардап шеккен. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлама түнгі сағат 00:19-да келіп түскенін айтады. 1956 жылғы әйел көз алмасының ауыр контузиясы диагнозымен облыстық аурухананың көз бөлімшесіне жеткізілген.
Зардап шеккен әйелдің қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер көзге зақым келгенімен, әйелдің көз жанары қалпында екенін айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33