Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсаған

Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиев өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Мұндай ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты ақпарат толық жария етілмейтінін айтады.

«60-65 жас шамасындағы тұрғынның мәйітін табу бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105 «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша ақпарат таратылмайды», делінген ПД хабарламасында.

Еске салайық, кеше 40 жыл ғұмырын медицинаға арнап, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург болған Мәди Биғалиев қайтыс болған еді. Ол ұзақ жылдар №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін абыроймен атқарды. Қазақстан бойынша алғаш рет науқастардың жүрегіне, бауырына және өтіне операция жасауға үлес қосқан. 2013 жылдан бастап аталған ауруханада 125 бүйрек және 17 бауыр алмастыру операциясы жасалды.


Новости партнеров