2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлады. Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды», – делінген хабарламада.