Оған 26 жерден пышақ ұрған
Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Қазақстан азаматы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұмның денесі 12 қазанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 16.51-де табылған. Ер адам жедел жәрдем бөлімінде мойнындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға куәгері полицияға хабарласқан.
Оқиға орнында адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол да Қазақстан азаматы екені анықталды.
Оқиғаның егжей-тегжейін Оңтүстік Кореяда тұратын блогер Самат Ахметов айтты.
"Адам өліміне әкелген төбелеске қатысушылар – немере ағайындылар. Олар – Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғындары. Тергеу нәтижесінде ағайындылардың бірі суға түсіп шыққан кезде екіншісін ұрған. Ол 26 пышақ жарақатын салған, алтауы мойнына бағытталған. Екеуі де есін білген және психикалық ауруханада тіркелмеген", – деді Самат Ахметов.
Блогердің айтуынша, адам өлтірді деген күдікті қазақстандық алты күннен бері ешкіммен сөйлеспеген.