|
Jol
17.04.2020 | 13:54
2707

Нұр-Сұлтанда соңғы 1 тәулікте карантин режимін бұзған 112 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Оның ішінде 72 азаматқа айыппұл салынса, 31-не ескерту айтылған

Нұр-Сұлтанда соңғы 1 тәулікте карантин режимін бұзған 112 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда соңғы 1 тәулікте карантин режимін бұзған 112 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде 72 азаматқа айыппұл салынса, 31-не ескерту айтылған. 9 іс сот қарауына жіберілді. Ол туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Коммуналдық тұраққа әртүрлі заң бұзушылықтармен 1 күнде 65 көлік қойылған. Ал, жалпы карантин тәртібі енгізілгеннен бері 857 автокөлікті айып тұрағына алып кеткен. Айта кетейік, бүгінде қала ішінде 26 мобильді бекет жұмыс істеп тұр. Елорда бойынша  22 нысан карантинге жабылған. 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және бірнеше көп қабатты тұрғын үй бар.

«Абылай хан, Рысқұлбеков, Мұстафин, Мүсірепов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тұрғандықтан, бұл аумақ карантинге жабылды деп отырмын. Карантинде тұрған 9 үйдің тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тапсырыс беру арқылы жүзеге асырады», – деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сарқыт БЕЙСЕНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир