Елімізде 2 мыңнан аса азамат із-түссіз жоғалып кеткен

ult.kz
ult.kz
Тәртіп сақшылары 1189 адамның қайда жүргенін анықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде адам жоғалу дерегі азаймай тұр. Соңғы 9 айда 2 мыңнан аса азамат із-түссіз кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іздестіру барысында тәртіп сақшылары 1189 адамның қайда жүргенін анықтаған. Криминалдық полиция департаментінің өкілі Нұрлан Темірбаевтың айтуынша, өзгесінен хабар жоқ.  Жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандарға қатысты 186 іздеу жарияланыпты. Алматы, Жетісу, Түркістан облысында және Шымкент пен Алматы қаласында адам жоғалу дерегі жиі тіркеледі екен.

«Статистика көбінесе ер адамдардың жоғалатынын көрсетіп отыр. Бұл олардың маусымдық жұмыстарға, көлік жүргізу, жүк тасымалдау, тағы сол сияқты түрлі қызметтік іс-сапарларға шығуымен байланысты. Әйелдер арасында көбіне спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатындар, ал жасөспірімдерден көп жағдайда қолайсыз отбасынан шыққандар жоғалып жатады», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев.

Новости партнеров