Жамбыл облысында 19 жастағы жігіт суға батып кетті

polisia.kz
polisia.kz
Жыл басынан бері алты адам суға кетті, олардың біреуі құтқарылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында 19 жастағы жігіт тереңдігі төрт метр жасанды су айдынына батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда жеміс ағаштарын тамшылатып суару үшін жасалған тереңдігі төрт метрге жасанды су айдынына шомылу кезінде 2001 жылы туған жігіт батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға Байзақ ауданы Ақшолақ ауылынан төрт шақырым қашықтықта ЖШС-нің бірінің аумағында орын алған. 

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бір қызметкері мен бір техникасы шықты. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күн сайын тұрғындар арасында рейдтер өткізеді. Бірақ соған қарамастан, бұл – алтыншы жағдай. Жыл басынан бері алты адам суға кетті, олардың біреуі құтқарылып, бес адам көз жұмды, олардың үшеуі балалар. Суда демалғанда немесе жұмыс істегенде, өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыздар, апатқа ұшырағандарға дұрыс және уақтылы көмек көрсетуді үйреніңіздер.

Новости партнеров