|
04.06.2019 | 14:16
2723

«Хан Шатырдағы» бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды - министр

Қазір бассейндегі барлық бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп жатыр

«Хан Шатырдағы» бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды - министр

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында мектеп оқушысы бассейнге батып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше қылмыстық іс қозғалды. Негізінде ол жерде мектеп тарапынан ұйымдастырылған балалардың жазғы лагері болған. Кеше бассейнге түскен 30 оқушының ішінен бір қыз бала батып кетіп, қайғылы оқиға орын алды. Дәл сол уақытта құтқарушы қайда болғанын, неліктен ол дер кезінде көмек көрсетпегенін қазір анықтап жатырмыз. Ұйымдастырушылардың жауапкершілігі мәселесі де көтерілді. «Неліктен олар сол жерде балалар лагерін ұйымдастырды, неге қауіпсіздік шараларын ұйымдастырмады?» деген мәселе де қарастырылып жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бассейндегі барлық бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп жатыр.

«Сот-медициналық сараптама да жүргізілу үстінде», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін елордадағы «Хан Шатыр» СОСО бассейнінде қыз бала суға кетіп, тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

МВД РК
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир