«Бұл орасан шығын»: Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы

«Бұл орасан шығын»: Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тонна балық қырылды, оның 108 тонна - бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60 пайыз қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл - орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым», - деді Президент.

Президент экологиялық жағдай басты мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

«Ең алдымен Каспий мен Жайықтың бірегей әлеуетін сақтау қажет. Атырау экологиясы - бұл тек облыс мәселесі ғана емес, біз оны шешуге назар аударуымыз керек», - деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады.

«Гидравликалық құралдар ұзақ уақыт бойы жөнделмеді. 120 ұңғыма өңірдің су ресурстарына елеулі залал келтіреді. Олар жойылуы тиіс!» - деді Президент.

Айта кетейік, Тоқаев кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.






Новости партнеров