Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

24.05.2024 23:04

Сотқа дейінгі тергеу басталды

elements.envato.com

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайрам ауданындағы 10-сынып оқушысы бірнеше күн бұрын үйінен кетіп, қайта оралмаған. Оны таба алмаған ата-анасы полицияға арызданып, нәтижесінде ұл баланың мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол салып, жан тапсырған. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістан облысының Полиция департаменті:

«Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді».

Оқи отырыңыз: Сталкер: жәбірленуші құқығы қалай қорғалады