«Дірілдеп тұрған»: Рудныйда 30 жастағы ер адам асылып өлмек болды

«Дірілдеп тұрған»: Рудныйда 30 жастағы ер адам асылып өлмек болды
30 жастағы жас жігіттің өзіне қол салмақ болып жатқаны туралы көршілері хабарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рудныйда полицейлер асылып өлмек болған жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

30 жастағы жас жігіттің өзіне қол салмақ болып жатқаны туралы көршілері хабарлаған. Полицейлер ер адамды құтқарып үлгерді. Оқиға 20 қазан күні болды.

Сағат 21:00 шамасында полиция басқармасына ер адамның үйдің подъезінде тұрып асылып өлгелі жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына аға сержант Қанат Уәлиев пен полиция лейтенанты Жәнібек Ғалымханов келіп жетті.

«Мекенжаймен келе салысымен, біз баспалдақпен жүгіріп жоғары шықтық. Баспалдақ жолында дірілдеп асылып тұрған ер адамды көрдік», - деді Қанат Уәлиев.

Полицейлер оның мойнындағы жіпті алып, есін жиюға көмектескен. Осылайша тәртіп сақшылары алғашқы көмек көрсетіп, ер азаматты құтқарып қалды. Кейін жігіттің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болғаны анықталды.


Новости партнеров