СҚО-да үй өртеніп, екі бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Есіл ауданына қарасты Ильинка ауылында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызыл жалын тоқтың қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін деген болжам бар. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өртке оранған үйден 2 және 8 жастағы екі баланың денесі табылған.
– 2024 жылдың 1 сәуірінде 101 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Ильинка ауылы, Мира көшесіндегі 54-тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 12:08-де қызыл жалын сөндірілді. Өрт электр желілерінің қысқа тұйықтауынан шығуы мүмкін, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сәбит Ибраев.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да қызыл су бірнеше көпірді шайып кетті