Ақтөбе тұрғыны карантин кезінде әйелі мен жеті баласын үйден қуып шыққан

Иллюстративное фото: elements.envato.com
Иллюстративное фото: elements.envato.com
Баспана көпбалалы отбасыға мемлекеттен берілген, қазір өкілетті органдар отбасындағы проблеманы шешуге тырысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында ер адам әйелі мен жеті баласын үйден қуып шықты. Отбасы тұрып жатқан пәтер көпбалалы жанұяға мемлекеттен берілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеген.

Айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі call-орталықтың жұмысы нәтижесінде 7 әйел мен 21 балаға көмек көрсетіліп, дағдарыс орталығына орналастырылған.

Олардың арасында көпбалалы ана да бар. Күйеуі әйелін жеті баласымен бірге үйден қуып шыққан.

"Пәтер көпбалалы отбасыға мемлекет тарапынан берілген. Қазір өкілетті органдар отбасындағы проблеманы шешуге тырысып жатыр", – деп жазды прокурор.

Дәулембаев call-орталық мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жеке-жеке хабарласатынын айтты. Себебі көп әйел күйеуінен қорқып, полициядан көмек сұрай алмайды.

Ақтөбе қаласында call-орталық нөмірлері: 8 7132 44 57 89, 44 57 90, 8 707 986 34 60.

Айта кетсек, Ақтөбеде карантин 6 сәуірде енгізілді. Екі аптадан кейін карантин режимі күшейтілді: тұрғындарға жақын маңдағы дүкенге үш күнде бір рет баруға рұқсат етілді, сонымен қатар, жеке көлікпен жүруге тыйым салынды.


Новости партнеров