Алматыда заңсыз саудадан 8,5 млн маска тәркіленді

12.08.2020 18:40

Контрабандалық топ бетперделерді қаладағы 50 дәріханаға өткізіп келген

m.zerkalo.az

Алматыда контрабандалық жолмен медициналық маска тасмалдаушылар азаймай тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада астыртын жолмен пайда таппақ болған топ ұсталды. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нығмеджан Сапаров мәлімдеді. Тексеру жұмыстары жүргізілу барысында 8,5 миллион бір реттік бетперде тәркіленді. 

Мамандардың айтуынша, сонша маскамен бүкіл алматылықтарды 2 мезгіл қамтамассыз етуге болады. Контрабандалық топ бетперделерді қаладағы 50 дәріханаға өткізіп келген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы шыққан кейін кейін масканың бәрін қала әкімдігіне тапсыру жоспарланып отыр.